19.05.2022
119
«Кешiр» десем, кескектейдi кесiрлi үн...
«Кешiр» десем, кескектейдi кесiрлi үн,
Ертелi-кеш бiр нүктеге тесiлдiм.
Суы қайтқан секiлдi едi Ертiстiң –
Ентiгi əлi басылмапты Есiлдiң.
Күнi бойы күлдiбадам ой кештiм –
Қу молама аяқ баспай қойды ешкiм.
Сағым алдап, сиқыр арбап болмады,
Болмағасын сайтаныммен сөйлестiм.
Көлеңкеме «көрiнбе» деп кейiдiм.
«Кеңiр» десем тарылады пейiлiм.
Егiзiмнiң есiн алған, екiндi,
Ендi менiң төбеме шық, мейлiң…