19.05.2022
  107


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Сол бiр күз едi…

Сол бiр күз едi…
Сол бiр сары жапырақтай қыз едi.
Ол лүп еткен самалмен сарыуайымын шегiп,
Лып еткен күнмен бойын түзедi.
Сол бiр сары жапырақ едi…
Ол сары күздiң демiн бақылап едi.
Үрдi, үрледi, үзiлдi сосын,
Үрегеш аспан ұрдажық ақымақ едi.
Жер бетi толы сары алтын едi.
Ал аспанның асты – жаналқым едi.
Айқұш та ұйқыш нажағайдан соң,
Ауыр бiр мұңлы ой қоңыр түн едi.
Қоңыр түн едi…
Қоңыр түнде де сары күз өмiр сүредi.
Ал сары қыз өмiр сүре ме? –
Бұ жағы кəмiл сын едi…
Сол бiр күз едi,
Сол бiр қыз едi,
Сол бiр қоңыр түн едi –
Сол қоңыр түннен қалып түнемел асқан қою мұң
едi…





Пікір жазу