19.05.2022
110
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Ойдым-ойдым ойпаттың
Ойдым-ойдым ойпаттың
Ой жағына бiр қондым.
Қожыр-қожыр таулардың
Қыр жағына бiр қондым.
Былдыр-былдыр бұлақтың
Бас жағына бiр қондым.
Сылдыр-сылдыр құрақтың
Мас шағына бiр қондым.
Ойдым-ойдым ойпатым
Ой қаратты бiр күнi.
Қожыр-қожыр тауларым
Қой қаратты бiр күнi.
Былдыр-былдыр бұлағым
Бастықтырды бiр күнi.
Сылдыр-сылдыр құрағым
Қастық қылды бiр күнi…