19.05.2022
109
Аза-мұңым үндемей жұтамын да...
Аза-мұңым үндемей жұтамын да,
Арманымды сыбырлап айтып қоям.
Қонған құспын қайыңның бұтағында,
Қанатымды қағуды қайтiп қоям…
Жылағаны, күлгенi бiрдей күннiң
Бодауында барады жаным ағып.
өлерiмдi қай күнi бiлмей жүрмiн
Бал мен уға қаперсiз қанып алып…