19.05.2022
  143


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Түн баласын тыңдағасын...

Түн баласын тыңдағасын,
Мұң-наласын мұңдағасын,
Күннен бетер күңiренесiң,
Желден бетер жынданасың.
Аңтарылып ай бағасың,
Қаңтарылып ой бағасың,
Бұлақ болып бұлқынасың,
Жапырақ боп жайланасың.
Түн сөзiне тоқтағасын,
Түннiң жоғын жоқтағасын,
Түк көрсетпес түнегiн бiр
Түруге де оқталасың…
Түн баласын тыңдағасын,
Түннiң өзi ымдағасын,
Самалын кеп саялайсың
Сағың, əйтеу, сынбағасын…





Пікір жазу