19.05.2022
  162


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Пəс, пəс көңiл, пəс көңiл…

Пəс, пəс көңiл, пəс көңiл…
Тарланыңды аш, көңiл.
Тарлаулыға қаш, көңiл.
Пəлегiңнен ащы өмiр –
Жын-ойнаққа бас не бiр…
Жар сап айтсаң, жел тұрсын.
Зар сап айтсаң, сел тұрсын.
Елтiп айтсаң, ел тұрсын.
Iшiңдегi қайғыны
Қазасына келтiрсiн –
Қақпақылдап өлтiрсiн…
Пəс, пəс көңiл, пəс көңiл…
Сабаңнан бiр ас, көңiл.
Жамыра, жайыл, жас көңiл.
Қазанына ұрғызса
Қасарысқан қасқа өмiр –
Боласың бiр дем тас көмiр…





Пікір жазу