19.05.2022
162
Бiр бейнеттен бiр бейнетiм боп қалың...
Бiр бейнеттен бiр бейнетiм боп қалың,
Ажалымның алдына кеп тоқтадым.
Беу дүние, байқамадың жоқ-барым,
Жылу бермей жымыңдайды оттарың.
Беу дүние, байтақ əлем, кезген күн,
Ғайып болып кетерiңдi сезгенмiн.
Аттанар шақ, қалай ғана тез келдiң?
Жарық күнiм, жарығыңа өзгердiң…
Дүбiрлi əлем басылмайтын дүрмегi,
Жұдырықтай жүрегiмде жүр ме едi?
Жан-тəнiмен сүйгенiмдi бұ жалған
Бiлмедi ғой, бiлмедi ғой, бiлмедi…