19.05.2022
122
Жоғалды жыл...
Жоғалды жыл.
Жоғалды ай.
Жоғалды күн.
Көз жұмарда басыма соғар мұңым.
Қалықпандай қомданған қап-қара түн,
Қалдырмастан түгiмдi тонар бүгiн.
Жоғалды жыл.
Жоғалды ай.
Жоғалды күн.
Жоғалтқаным үшiн де обалдымын.
Жұмбақтайын жұтылып жолға түстiң,
Менiменен ойнайды тобарды кiм?
Жоғалды жыл.
Жоғалды ай.
Жоғалды күн.
Мен кетерде басыма соғар мұңым.
Мəңгiлiк пе? Мəңгiлiк мезетiм сол –
Көкжиектiң көзiне қонар күнiм…