19.05.2022
  113


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Iнгеннiң iнжу жасындай...

Iнгеннiң iнжу жасындай,
Iркiлiс таппай, басылмай.
Жауады жаңбыр төпелеп,
Аспанның арты ашылмай.
Iрiген көңiл – ала бұлт.
Iзсiз күндерiм – қара жұрт.
Қарай да қарай қабаққа
Бұзылар бiр күн бала күрт.
Iнгеннiң iнжу жасындай
Iркiлiс таппай, басылмай,
Менiң де жаным жауады
Көңiлдiң көгi ашылмай…





Пікір жазу