19.05.2022
  133


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Осы да өмiр ме екен?

Осы да өмiр ме екен?
Өзiмдi өзiм көңiлдi етем.
Өзегiмдi өртейдi өткiншi күн,
Өшпейтiндiгiне кiмдер сенедi екен…
Осы да ғұмыр ма екен…
Лайланған көңiлiм тұныр ма екен?
Өмiр, ғұмыр, тiршiлiк тұтастығын
Тыр жалаңаш туа сап бiлдiк пе екен…
Осы да тiрлiк пе екен, –
Күнге қарап көзiмдi күлiмдетем…
Сұлу сөйлеп алам да, Сұлулыққа
Керi кеткен тiрлiкке қырын кетем…
Осы болар болмысым, бiтiмiм де.
Нем бар көңiл жыртығы-бүтiнiнде?
Кеудем күйiп кеткен бе, бiле алмадым,
Қаюлық бар қара орман түтiнiнде…





Пікір жазу