19.05.2022
101
Өлеңiм, өлiп көрiстiм, кезгенiм аз ба жер үстiн?
Өлеңiм,
өлiп көрiстiм, кезгенiм аз ба жер үстiн?
Перiште жанды Сен алдың,
Тағдырдың мұңын мен iштiм…
Өгейсiп қашқан өлеңiм,
Жүректiң қайтар төлемiн.
Бозарған өңiм – боз елес,
Ағзудан аппақ – Тəлемiм.
Өгейлiк көрдiм өзiңнен,
Кедейлiк көрдiм сезiмнен.
Өмiрiм өксiп барады –
Боздап барады бозiнген…
Өлеңiм,
өлiп көрiстiм,
Кездiң бе талмай жер үстiн?
Қайрылмай кетiп барасың,
өзiмдi қоса ал… келiстiм…