19.05.2022
  117


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бұлдырық

Бұлдыр, бұлдыр, бұлдырық,
Керней үндi бұлдырық,
Қақты қанат сымпылдап,
Əлдененi бiлдiрiп.
Көз ұшына байланды,
Құйын бастап бiр бүлiк,
Шаң келедi шабандоз,
Үйге қарай сырғыдық.
Бұлдыр, бұлдыр, бұлдырап,
Құйттай болып құлдырап,
Жоғалғанмен, жоғалмас
Керней үндi жыр бiрақ.
Бұлдыр, бұлдыр, бұлдырық,
Керней үндi бұлдырық,
Шаң борардың алдында
Көрсеттi де бiр қылық,
Түпсiз көкке жөнелдi
Бiр жылаған, бiр күлiп…





Пікір жазу