19.05.2022
123
Менiң өлгiм келмейдi...
Менiң өлгiм келмейдi,
өмiр сүрiп болғам жоқ.
Нажағайын сермейдi
Адуын боп алған көк.
Ажал сұрап асыққан
Армандыға ой бөлiндi.
Көздiң нұрын жасытқан
Көктiң тасы көрiндi…
Көрсетпей көз жасымды
Жазған жырдың жалғаны-ай…
Солғын жүзiн жасырды
Көңлi қатты қалған Ай.
Көңлi кiмнiң қалмаған,
«Шыққан жан» деп түңiлiп?!
Ажал кiмдi алмаған,
Басқан iзге үңiлiп?!.
Сəулелi үмiт сөнбесiн,
өмiр сүрер жастамын.
Ажал айтпай келмесiн,
Онсыз да өмiр қас қағым…