19.05.2022
  110


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Иманың тұр төгiлiп...

Иманың тұр төгiлiп
Иланып сөйлей ғой.
Инабатың сезiлiп,
Сөйлегенде бүй дей ғой:
«Инаяттар пендем жоқ,
Қиянатты көргем жоқ.
Айналайын ағажан,
Отқа салдың – өлгем жоқ.
Итарқада тұрамыз,
Көңiлiмдi сұраңыз.
Алған жолым – адасқақ,
Айтатыным – бiр аңыз…»
Иманың тұр төгiлiп,
Иландырдың сөзiңе.
…Қала көрме кезiгiп,
Түсiп тағдыр тезiне…





Пікір жазу