19.05.2022
149
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Тоқырауын толқыны
Тоқырауын толқыны
Сылдыр-сылдыр шолпылы.
Бүйiрiнде бұлкiлi,
Буынында былқылы.
Бауырында балығы,
Ұйқысында шалығы.
Таусылмасы – жарығы,
Басылмасы – сарығы.
Алыс кетер айдыны
Айнадайын жай күнi.
Бұл келгенде қайғылы,
Арта түсер айбыны.
Буырқанар, бусанар,
Мың-мың тамшы құрсанар.
Тоқырауын толқынын
Тоғытқанда кiм санар…
Бұлт кеткесiн жайланар,
Оңашада ойланар.
Бас бiлдiрген асаудай
Қазығына байланар.
Тоқырауын толқыны
Толтырады олқыны.
Тамырында соғысы,
Тереңiнде солқылы.
Тоқырауын толқыны,
Тоқырауын толқыны…