19.05.2022
  103


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ұйқым да менiң бұзылды...

Ұйқым да менiң бұзылды,
Күлкiм де менiң бұзылды.
Түндерiм келiп оятып,
Күндерiм келiп тiзiлдi.
Өмiрiм өтер осылай,
Жығылар барып қосына Ай.
Кеудеме түсер көк тасын
Көтерiп алам шошымай.
Сəттерiм болар қылықты,
Мезетiм болар бүлiктi.
Қуаныш қуып салсын да
Көңiлде жүрген күдiктi…
Үзiлмей ғұмыр жалғансын,
Бары мен жоғын малдансын.
Елжiреп жүрген ет жүрек,
Айнала бере қан-қансың…
Ұйқымды бұзды өмiрiм,
Күлкiмдi бұзды көңiлiм.
Қондырды менi ауаша
Қошуақ көрген қоңыр үн…
Қолымда барға қанағат,
Қолдай да көрсiн жамағат.
Қанаты сынық Сұңқарым
Саясын жүрсiн сағалап.
Талайдан көшкен бұ жалған,
Таңдайдан терiп тұз алған.
Күндерiм жатыр қысқарып,
Көлеңкем едi ұзарған…
Пəлсапа соққан пендемiн,
Порымым дiттен келгемiн.
Есi бар екi аяқтымын
Жүргенде iлер жөргемiн.
Ұзақ та сонар əңгiмем,
Басталған ба едi мəңгiден?
Осынау ұзын жолда мен
Сан жылап əлi сан күлем…





Пікір жазу