19.05.2022
  110


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бошалаған құба iнген,

Бошалаған құба iнген,
Құла түзден iздейiн.
Қай түлiктен құның кем,
Жоғалтпасқа тiздейiн…
Аттың терiн үгейiн,
Аққаптал боп бiтейiн.
Басыңа қос тiгейiн,
Боталауын күтейiн…
Бошалаған iнгенiм,
Қай тараптан iздейiн?
Қасиетi сiңгенiм,
Қайтiп сенi тiздейiн?!





Пікір жазу