19.05.2022
129
Перiштелер қонып жатыр...
Перiштелер қонып жатыр,
Оқиыншы бiр аят.
Жерде думан болып жатыр,
Барын қалсын кiм аяп…
Қанаттарын қағып-қағып,
Қонады кеп қолыма.
Жанның отын жағып алып,
Үмiт арттым жолыма.
Перiштелер қонып жатыр
Ұлпа қардан жаралған.
Жерде думан болып жатыр,
Той тiзгiнiн қар алған…
Аударылып, төңкерiлiп,
Қонғанынша мың аунап –
Ай нұрымен көмкерiлiп,
Қар жауып тұр қылаулап…