meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2022
  161


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Тəнiм тоңсын...

«Тəнiм тоңсын,
Кеудем суынсын.
Жүрегiм соңғы рет
Қанмен жуынсын.
Жаным жаурасын,
Өлiм баурасын.
Тiрi рухымды
Əзірейiл ауласын.
Топырақ күтсiн,
Демiм бiтсiн.
Тозақ тереңi
Басымды жұтсын…»
Кешiр мұнымды,
Бiлем құнымды.
Айтпай келедi,
Ажал жырынды,
Жұлып гүлiңдi,
Шашып күлiңдi…





Пікір жазу