19.05.2022
  86


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қанағат ет, көңiл...

Қанағат ет, көңiл,
Қайырымды өмiр.
Қасаласып көрдiң
Қиындықпен небiр…
Құлазыдың, қалдың,
Ашылмады алдың.
Басылмады көрiгiң,
Қожға көсеу салдың…
Қожағайды ұрдың,
Қомсынып та тұрдың.
Қолың – мүйiз, ой – мейiз,
Қайда бетiң бұрдың?…
Бой-бой болып терлеп,
Еткенiң бе, ермек?
Сүйiнгендер сыртыңнан
Қайтар бiр күн жерлеп…
Қанағат ет, қанағат,
Қайырылшы, жамағат.
Қара орманым өзiңсiң,
Қауырсағың паналат…





Пікір жазу