Алматы болды əуенiм.
Алматы болды əуенiм.
Ауылда туған жан едiм,
Сауыр мен Сайқан тау едiм,
Алатау болды мəуелiм.
Ауылда өскен бала едiм,
Бауымда өскен тал едiм.
Бұрқауда бойда бiр тылсым,
Таба алмай келем əлi емiн…
Қара Ертiс бойы қалың құм,
Шағылға барып шағындым.
Шағала қонған жағадан
Қалаға қарай сабылдым.
Астана келдiм – қаңғырдым,
Астында қалдым жаңбырдың.
өтiнде қалдым ызғардың,
Тезiне түстiм тағдырдың.
Мендейлер жəне көп екен,
Мекенi жерде жоқ екен.
Қазақы көңiл қалғанда,
«Шыққан жан…» дейтiн топ екен…
Адамы нөпiр қалада
Өзiңдi тұлға санама.
Сен қалай тұрып келгенсiң,
Жазушы тектi жан аға?…
Жұмекен өткен жер едi,
Кеңшiлiк кеткен ел едi.
Жұматай жатқан төбе едi,
Кезегi кiмнiң келедi?…
«Қаңғырып кеткен бiр ұл», – деп,
«Жаңғырып жеткен бiр үн», – деп,
даланың шаңы сейiлдi,
Қаланың шамы күлiмдеп…