19.05.2022
  124


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Сəуле мiнген самолет...

Сəуле мiнген самолет,
Жүрегiмдi ала кет.
Жұлдыздарын құлатты
Алқара аспан қаракөк.
Сəуле сiңген түнгi аспан,
Сенiмен кiм мұңдасқан?
Көре алмадым көзiңдi
Көкжиекпен ымдасқан.
Қайран қара аспан-ай,
Жас кеудемдi баспағай.
Құдiретке сиыншы,
Махаббатқа мас бала-ай!
Қос қанатты темiр-ай…
Құстай ұшқан өмiр-ай…
Күле ме өзi, қайтедi
Күндi жеген жемiр Ай…
Махаббатқа мас емес,
Баяғыдай жас емес.
Аңтарылар аспанға
Бозғылт өңi пəс елес…





Пікір жазу