19.05.2022
193
![](/uploads/shorttexts/author_image/adbe5751f84fd269a29c38db149908c1.jpg)
Қайран ата-бабам-ай!
Қайран ата-бабам-ай!
Ат жалында кеткен арманы,
От-жалында кеткен орманы,
Iшiнде кеткен құсасы,
Құлаумен болған қорғаны…
Қайран ата-бабам-ай!
Қара жер болған қорымы,
Қараусыз қалған орыны.
Екi дүниеде қайтадан
Бiнə да болмас порымы…
Қайран ата-бабам-ай!
Ай қараңғы кешеде
Адасып жүрiп нешеме,
Соңынан ұрпақ өргiзген,
Көз жасын құйып кесеге.
Қайран ата-бабам-ай,
Қайран ата-бабам-ай!…