19.05.2022
  110


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бiр көздерден жас шықты...

Бiр көздерден жас шықты,
Бiр қойыннан тас шықты.
Бiр жеңнен қол көрiнiп,
Бiр жағадан бас шықты.
«Жер астынан жiк шықты,
Екi құлақ тiк шықтың
Асығымды көп аттым,
Айыра алмай бүк-шiктi.
Тəйке түстi табаным,
«Алшы, – дедiм, – аманым…»
Ханталапай соңынан
Жан талапай жаладым.
Омпы тiгiп көмбеге,
Томпылдаттым мен неге?
Бəсiн бердiм уыстап
Жолы болғыш жеңгеме…
Тағдырға не жаздым?
Асық ойнап аздым…
Ойнар кезде көппiн,
Ойлар кезде азбын…





Пікір жазу