19.05.2022
  144


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ойлан, ойлан, ойың бақ...

Ойлан, ойлан, ойың бақ,
Ой бақпасаң, қойың бақ.
Ойсырадым он ұлдың
Ойсыздығын уайымдап.
Ойлан, ойлан, ой қашыр,
Бола көрме жай тасыр.
Басың пiсiп жетпесе,
Бақытты етпек қай ғасыр?
Опынамын отырып,
Ойланғаның өтiрiк.
Ойсыздығын көрсеттi,
Дiн қарындас шоқынып.
Он ұл, оман жұртым-ай,
Iшi – жүдеу, сырты – май.
Сойылыңды соғамын,
Жан-тəнiммен шырқырай…





Пікір жазу