19.05.2022
128
Ой жайылар басымда...
Ой жайылар басымда,
Қой жайылар қасымда.
Шөптiң тiлiн бiлетiн
Шипагерiң осында…
Қосыл, мейлi қосылма,
Ит оттаса, шошынба.
Iс iлгерi басып тұр,
Таң қалма бұл жосынға…
Күрс-күрс шалып құнан жүр,
Күрсiнiсiм – ұлан жыр.
Шырқау көкте шамданып,
Шаңқылдайды қыран құр…