19.05.2022
114
Қаламым
Оңашада ойхой, бір толғандым-ай,
Жарылам ба ағымнан зордан бұлай.
Түртіп қойсын, қаламым қайда менің,
Күнімді оған қаратып қойған құдай!
Құлағың сал сырыма сәл-аздаған:
Қағаз – сәждем, ал өлең – намаз маған,
Ойымды сол күйінде бұзбай-жармай,
Осы қалам түсірер қағазға да!
Сан өткелден келемін, рас, өтіп,
Жыр-дарияның жоқ шығар, сірә, шеті...
Қуанышымды, тіпті мұң-қайғымды да
Қаламымның құямын сиясы етіп!
Көкірегімнің атқылап көк бұлағы,
Саусағымның ұшына кеп құлады...
Құрғыр істен қолым қалт етсе-ақ болды,
Қаламыммен қауышқым кеп тұрады!