19.05.2022
93
Болды да тұрды дегенім менің...
Болды да тұрды дегенім менің,
Ай сүйді ақша бетімнен.
Маған арнаған өлеңің-демім,
Ал өзің өмірім секілді ең.
Әйтеуір, жеттің қиырдан да аман,
Сағыныш дейтін ағын-сел.
Ойда жоқ жерде бұйырған маған
Бармақтай ғана бағым -сен!
Көктемді кірпігің тұр ма жасырып,
Оянар ашсаң көзіңді.
Иінағаш алып ырғала басып,
Бұлаққа барған кезің-ді...
Бейне бала боп кеткен жігіттей,
Ерке назыңа бөлендім.
Қыс ортасында көктемді күтпей,
Жандүнием бүрлеп жөнелді.
Уа, ақ қанат періштем менің,
Келдің бе арман елінен.
Тоңазып жатар теріскейдегі
Лекіген көктем демі –мен.