19.05.2022
104
Өмір мәнсіз –алдан үміт үзгенге...
Өмір мәнсіз –алдан үміт үзгенге...
Қызықтырмас оларды ұлы іздер де!
Асты, үсті –тас, дөп-дөңгелек «дүние» атты
Диірменге тартылатын біз-пенде...
Өзіңді өзің тани алмай жүргенде,
Түсесің де кетесің сол диірменге.
Қауызы қайсы, дәні қайсы –айырар ол,
Солай қайтар кеткен есең күндерге...
Солай сенің бар-жоғы екі мүшелің
Кеселеп көз жасыңды да ішеді.
Шыр айналып шар тасына баяғы...
Біз түспейміз, тағдырымыз түседі.
Ойларымыз буырқанып іштегі,
Өмір сүру үшін өң мен түстегі
Келеміз біз дүниеге «шыр» етіп,
Уақыт, сенің диірменіңе түскелі!