19.05.2022
  129


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Көңіл күйі

Мөлдір көл бар, білсең, менің ішімде...
Не болса да оған қылау түсірмен.
Мені үнемі қоршалаумен жүреді
Өңімде ару, періштелер түсімде...
Тілімде - бал, көмейімде -өлеңім.
Құдай басқа не салса да көнемін.
Тауды, тасты аралаумен туғалы
Жаны мөлдір адам іздеп келемін.
Бір күн шыңнан естілер-ау жыр-әнім,
Құбылаға бетімді де бұрамын.
Мөлдірімді мөлдіріңе, арда ару,
Сарқа құйғым келеді де тұрады.





Пікір жазу