19.05.2022
123
Еске алмас та ем...
Қуарған далаға жағып,
Көкпеңбек ерітіндісін...
Мынау келген сенбісің, алабажағым!
Кел, төрлет! Еркің білсін!
Тек мені мазаламағын
Шау тартты еркім-күшім.
Қарындас қуанышым,
Арылмас дертімбісің!
Қабарып жүзі
Қойған-ды биыл қысың да өтпей тегі,
Жаным шуаққа құмар,
Ұшар ем саған
Қанатым жоқ қой менің..
Мейлі, қыс бір аптаға ұзар...
Айтар дат, арзуым көп қой менің!
Елестеттім көзіме
Сені емес, бұл өмірде жоқ бейнені.
Гүлін де қырдың .өзіңе
Бере алмай кінәлі боп сөйледім.
Көктем, келдің бе,
Гүліңді көрдім беткейдегі.
Аруды көрдім ән салған құм шағылдағы
Көлбеңдеп көк көйлегі...
Қалай жеттің қанатыңа тиеп
Дүниенің мұншама ырғағын...
...Әттең-ай, қардың құрсауында қалып,
Үзілді анамның өзіңе жетпей демі!