19.05.2022
  112


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Оңашадағы ойлар

Мен саған қыста, ақпанда барғам...
Жапырағың сыбдыр қаққанда барғам.
Қайда сол, торғын шәлісін желпи
Шалықтап күлген шатқалдағы арман?
«Гректің талы», «Гректің талы»...
Қозғадың мұңын жүректің тағы.
Тоты-түс таңның қаймыжық ернінде ең....
Мәңгіге сөндің дір еттің де, әнім.
«Гректің талы», «Гректің талы»...
Менің жыр-бесік, жүрек-құндағым!





Пікір жазу