Элегия
Танакөз, таңдай ару, меңді қыз ең,
Сезіммен саған деген сең бұзып ем.
Бәрі де өтті-кетті...кем-кетікті,
Қолыңнан келер ме екен енді түзеу?
Түсінем, ол күн кетті оралмасқа,
Шырқалмай күрт үзілді сол алғашқы ән.
Пәк өмір сүру үшін, періштем-ау,
Ешбір жол таппадың ба одан басқа?
Кездеспей көк етікті... көн етікті
Кес-кестеп алдыңды әрі-бері өтіпті.
«Сезім бар, сенімі жоқ алақанға»
Тапсырдың тағдырыңды...
о, не күттің?
Сорлы анаң сезінбейді деме түкті,
Кіруге қалғаны жер тесігі еді.
Сол ана бауырында өсіп едің...
Түңіле ойланасың несіне мұң?
Иә, кейде махаббат та кешігеді...
Эх, Несібелі, Несібелі.
Сен соған жеткізбедің шыдамыңды.
Көргім жоқ, естігім жоқ мынауыңды.
Серпе алмай сезім атты тұманыңды,
Ақынның аңдаусызда жыры аңырды.
Осы ма, осы ма өмір, осы ма әдеп?
Түскен жоқ қиындық та басыңа көп.
Қайтейін, арды ұмыттың, жарды ұмыттың...
Анамен, мынамен де ашына боп!
Сол-сол ақ, лашығыңа жосылды-ай «құт»,
Ал, мен, мен... ұялтпақ ем осыңды айтып.
Сыланған сұлулардың сиқы осындай,
Сұлулық бағалансын сосын қайтіп!