19.05.2022
  132


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Ақын жары

Ақ борық тән есін ап бұлт-бұлт еткен,
Ақкөз сезім санасында бұрқ еткен.
Қашты ақыннан қайран елік үркектеп,
Қарап қала бере ме енді құр текке.
Ілік іздеп, ілесті ақыры соңынан,
“Айым, бәлкім, туар, – деді – оңынан”.
Іздеді ақын күн-түн сол бір құса емін
Ал қыз одан үш мүшелдей кіші еді.
Көрмек болды сезіммен бір беттесіп,
Қыздай алған қосағы тәрк еткесін.
Махаббатты лайлады сол ақын
Әке мен қыз арасында болатын.
Ақын тасып, көбінесе әлгі жырды ойлап,
Сағынады ал қыз кезін сүрбойдақ.
Бейне ол мына тар бөлмеге тұтқындай,
Ақын өзін сезінеді мықты ұлдай!
Жанарына сұлулықты жинайды,
Туа берсе деп тілейді мұндай күн,
Оның аңғал көңіліне сыршыл, ақ
Ақын жары әупіріммен жүр шыдап!
Алдарында тұрды олардың кіл сұрақ!
Есіл ақын...ештеңемен жоқ ісі,
Аққайраң ғай көңілі де...
ол үшін
Жақ таянып, түнде ұйқыдан тұра сап,
Шам түбінде жыр жазу да рахат!
Жыр жазады өз-өзінен өртеніп!
Тірлігінен ерінің қыз жеркеніп,
Сол бір жырдың бір жолын да оқымай,
“Ақын жары” атанып жүр, о, Құдай!





Пікір жазу