19.05.2022
  121


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Қыбыр етпеген қыс бойы тылсым бақ едің...

Қыбыр етпеген қыс бойы тылсым бақ едің,
Көктемнің әні тәніңе шым-шымдап еніп,
Омырауыңды ашып жұпарға, бүр жамылып ап,
Түндерде төртке ұйқыңды тұрсың ба бөліп!
Сендегі, бәлки, сол күйі сыр да сақталды...
Тобылғысы бүрлеп тұр қазір қырқа, шатқалдың.
Ана бір жылы ұзатқан жасауыменен
“Қыздарың” келіп, о, бүгін бір жасап қалдың.
Құстарың келді, шығартар сақтағаныңды,
Ақтарып таста осынау шақта барыңды...
Селіне тостың кеудеңді сағыныштардың


Теріскей тұстан құйылып жатқан ағынның!





Пікір жазу