19.05.2022
  125


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Қыз-дәурен

Ару жоқ асатұғын алашта одан,
Етегін желден басқа... жан ашпаған.
Күні-түн есі-дертін еркі жаулап,
Махаббат аралында адасқан ән.
Ашылмай он екіде бір гүлі де,
Гүл жайнап алдымда отыр құрбы, міне.
Ұзатып барады оны балалықтан,
Бір күні алып қашып бір күнінен.
Бүлінді үркек, сынық мінезі де,
Білінді бүр тепсініп кеудесінде.
Жүрегі алып-ұшып бір өзі иен
Жүріп алды әрлі-берлі бөлмесінде.
Қонатын гүлден гүлге көбелектей,
Ертеңін ойлауына өре жетпей,
Өзгені жалықтырған мына қоғам
Ал оған көрінеді кереметтей!
...Ішінде бұрымдының бұрымдысы ең,
Әлі де бұзылмаған құлын мүшең.
Ертеңге жалғасаң ғой, жалғасаң ғой
Осынау пәк қалпында Бүгінді сен!





Пікір жазу