19.05.2022
  124


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Жел құрғақ, дала құрғақ-құрғақ бәрі...

Жел құрғақ, дала құрғақ-құрғақ бәрі...
Таластың тобарсумен бір қапталы,
Маңдайын күнге беріп кейуана жазық,
Ып-ыссы қоламтаға тұр қақталып!
Тартады жанарды арбап бақ бәдені,
Ериді таңдайында тәтті әуені.
Аңқасы кепкен адыр, бұйраттар-ай,
Қоярдай бұлттың үрпін қақтап еміп.
Көктемнің ақ нөсерін армандарсың,
Тағы бір тебіреніп, таулар, қалшы...
От-жасын үзігі боп жететіндей,
Қырларда қыдырмалап қалған дауысы...





Пікір жазу