19.05.2022
102
Мешіттер көп...
Имандылық – жанымда
Іңгалайды бесікте әр.
Бес-он үйлі ауылда
Мектеп емес, мешіт бар.
«Пайдасы жоқ елге түк,
Мешіттер тұр мүлгумен,
Оянады селк етіп,
Күңіренген түнде үннен.
Мешітіміз жоқ кезде де
Мінәжатшіл емес ек,
Имансыз көп бізде» деп
Таратып жүр ел өсек.
Жұрт мешітті неғылсын,
Құты түссе шүленге.
Өткерсе де небір сын
Рухы өлмеген бұл елде...
Имансыз жан кем де кем!
Дегдарлыққа жете алмай,
Діндар боп та кете алмай,
Ошарылды ел деген...