19.05.2022
117
Экспромт
Баяғы жастық, ізгі арманымды,
Сезімге тұнып, қызған бағымды
Іздедім...
кіммен мұң бөлісемін?
Білмедім кімге «звандарымды»,
Өлердей аңсап көзім алдында
Бұлғақтап өскен, қыздар, бәріңді!
Ақынмын қазір жүз қызға ғашық,
Байланған, бірақ, бір қызға басы...
Машақат кешкен мұңлықтың бірі
Көзінің тамып жұлдызға жасы,
Махаббаттың да жырменен сомдап,
Ескерткішін бір тұрғызған асыл!
Арудың сілтеп көбіне қолын,
Кезінде ... таппай өзі де жолын,
Көрмеген татып ғұмырдың балын,
Бөлмеген өзі-өзіне көңіл.
Өмірі күзге таяған ғұрлы
Көңілі жүзге бөлінеді оның!