19.05.2022
  113


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Балалық әуендері

Бала кезде жазған өлеңдерім-ай...
Сені кері қайтарар күш жоқ менде.
Баспай газет алып-ұшып жеткенде,
Тартпасында қалдың редакциялардың,
Тудың , өштің көктемде...
Құм қойнында қалып қойған ақынның,
Тым құрыса естісін деп атын мың.
Ой, сезімін Алматыға ап кеткен
Содан қайтып көрмедім жыр-хатымды.
Он екіде бір гүлің де ашылмай,
Тартпаларда қалдың тасқа басылмай,
Аңғырт шақтың өзіндей боп тұсымнан
Ағып өттің жарқ етіп от –жасындай!
Арасына салып жырын хатының,
Жорналдарға жібере-жібере ақының
Өнері бар, өлеңі жоқ қолында
Өзіменен- өзі қалды, ақыры...
Тұмары едің толғақ қысқан түндердің,
(Өң-түсіңді ұмытып та үлгердім)
Бал күндердің бәсіресі, көзі едің,
Менің ерке балалығыммен бірге өлдің.
Бала кезде жазған өлеңдерім-ай...





Пікір жазу