19.05.2022
  124


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Анамның тілі

Анамның тілі-ақ жайнақ әлем ол байсын,
Сол тілде сөйлеп, сол тілде сәлем жолдайсың.
Сол тілде “әу” деп, заманның рухын толғайсың!
Наз айтып, нала азайтып, намысыңды да қорғайсың!
Ананың тілін ұмыттың ба, онда оңбайсың,
Онда сен...тіпті адам да, ел де болмайсың!
Намысым менің жыртылар ма екенсің,
Анамның тілі, ұмытылар ма екенсің!
Домбыра сынды күмбірлеп тұрсың, шешенсің!
Балқаймақ тілім, таңдайда еріп кетерсің.
Ағадан –ақыл, ізетсің-кіші ініден,
Анамның тілі, сарқылмайтұғын ұлы кен!
Інжумен өрген өрмегімҚызылды-жасыл дүнием!
Қобыздың үні, Қорқыт бабамның мұңын мен
Түсіндім Абай, Махамбеттердің тілінде!
Жанымның нәрі, нәсібі едің адалдың,
Рухы ма ең, әлде...Күлтегін, Білге қағанның,
Құдыретіңді төрткүл дүниеге
Таныта алмасам-маған мін!
Бабамның тілі, анамның тілі...
Бол енді тілі баламның!





Пікір жазу