19.05.2022
  117


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Досым қанша-білмеймін...

Досым қанша-білмеймін,
Жауым қанша-білмеймін.
Қызыл-жасыл ғұмырым,
Арасында жаралып
Теріскей мен күнгейдің
Байып батар күндей мұң!
Ешкімнен сыр жасырман,
Бөліп берем басқаға от.
Жауыма деп жасырған
Қойынымда тас та жоқ!
Көрінер дос-көңілдің
Бәрі-мөлдір, бәрі-асыл.
Келем бе әлде, өмірдің
Ұқпай ақ пен қарасын!
Өр мінезбін өзімше,
Сүрем өмір үмітпен.
Адалдығы сезілсе,
Жауыма да жібіп мен!





Пікір жазу