19.05.2022
  92


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Ақталу

Сарқыны қалды бойымда күштің.
Қайда баяғы ойымдағы ұшқын?
Жазбайды, түге! Мұқалды қалам...
Таусылғанымды мойындап...
іштім!
Іштім, есімді ұмытып іштім!
Менен біржола үміт ығысты...
Ұмытылды менің бар-жоғым солай...
Әдірем қалды мұңы туыстың!
Бәрін де бәрін ұмыт қалдырып,
Бойымды солай уытқа алдырып,
Баяғы ақын болмысымды іздедім...
Қолын созбады күліп тағдырым!
Қалғып кеткендей көзін іліп тек...
Лаулаған бағзы сезім, үміт жоқ
Іздемейді де мені енді ешкім...
Өлеңім түгіл, өзім ұмыт боп.
Қаламның сиясы, ойым да – бәрі
Таусылды...
Музам-ау, қалмай бойымда нәрің...
Аңсадым сыңғыр даусыңды.





Пікір жазу