19.05.2022
  96


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Аңқыма

Қалай, қайтіп түскен өзі, тоба, дақ...
Көңілім-кір, сезімдерім-қожалақ.
Күбірлескен екі иініме мініп ап,
Менің Муза –періштемнен обал-ақ!
Ауырсындым,
қауырсынды қалам ап,
Қарым сынды (қаным,саған- аманат)
Екі дүние айрығында ғұмырым
Жантәсілім күйде қанат сабалап!
Дүниенің дидарында – үр таңбам,
Илхамымнан иманыма нұр тамған...
Айға қарай арабы айқай ұзатып,
Жүгінетін, жүрегім, сен – бір қағбам!
Періште емен, менде-дағы бар күнә,
Иман жолдас жан дейтұғын жартыма!
Бәрін Тәңір көріп, біліп тұр, міне,
Қанымда жүр қазақы бір Аңқыма!





Пікір жазу