19.05.2022
162
Ескі достар
Біздер үшін əрбірі дара шыңдар.
Өтті-ау мына өмірден сан асылдар.
Бір-бір үзік өткеннің белгісі боп,
Ескі достар кездесіп қаласыңдар.
Қажытса да өмірдің сан күресі,
Сондай сəтте қаласың сəл бір өсіп.
Еске аламыз жандарды жаны жарқын,
Қауқылдасып өткенді əңгіме етіп.
Артымызда тізбекпен жылдар қалды.
Бұл өмірде жасайтын кім бар мəңгі.
Дейміз дағы ішеміз жартыңды да,
Бір күн тастап кетеміз бұл жалғанды.
Түсінеді біреулер түсінбейді,
Осылардың мақсаты ішу дейді.
Шырқаймыз кеп сүйікті əнімізді
Сөксін олар мұнымыз үшін мейлі.
Біздер үшін əрбірі дара шыңдар.
Өтті-ау мына өмірден сан асылдар.
Бір-бір үзік өткеннің белгісі боп,
Ескі достар кездесіп қаласыңдар.
Ескі достар кездесіп қаласыңдар.