19.05.2022
104
Хош, Тұмаға...
Тұмағам, хош, хош, Тұмағам!
Айдыны шалқар жыр-ағам.
Өзіңмен бүгін қоштасып
Алты Алашың тұр жылаған.
Өлімге табар кім айла
Артыңда қалды жыр-айнаң
Ақынын жоқтап тұрғандай
Алматың үнсіз мұңайған.
Зырлауық күндер жарысып,
Өтсе де ғасыр ауысып.
Өлмейтін жауһар жырларың
Халқыңмен жүрер қауышып.
Сіз салған сайрап жатыр жол
Жөн сілтер мың-мың ақынға ол.
Фəниден оздың бақиға
Бақыл бол, аға, бақыл бол!