Тасқын селі өлеңнің Қасым ақын
«Аманжол, Рақымжанның Қасымымын...»
Шырқалды əн. Бəрі естіді ақын үнін.
Дүние тербетілді жырларымен
«Біреудің аспандағы асылының»
«Қасым солай болмаса, несі Қасым?»
Мұқағали тамсанған есіл ақын.
Жұпыны үйде, көшеде,сарайларда
От жырлары ақынның оқылатын.
Қаһарымен сұм соғыс сынады елді
Ерлікті айтпай қалар ма, сірə белгі?
«Бомба болар жүрегі жау жолына»
Абдолладай жырлады қыран ерді.
Бір тақсірет тартпаған жақсы бар ма?
Татты өмірдің зəһарын,татты бал да.
«Берсең бер, бермесең қой баспанаңды»
Деп сөзін кесіп айтты басшыларға.
Налымады тұрмысқа жасып ақын
Шабыт шалқып,жырымен тасынатын.
Толқыса, теңіз болып батыратын
Бұрқанса, дауыл болып жапыратын
Жырласа махаббатты «Дариға-ай!..»деп
Шуақ боп жүректерге шашылатын.
Бəрін де таңқалдырған, тамсандырған
Тасқын селі өлеңнің Қасым ақын.
Сəн беріп поэзия əлеміне
Аталар талай-талай ғасыр атың!