19.05.2022
112
Үңірейді-ау орыны шын асылдың
Қадыр Мырзалиев!..
Кім білмес бұл есімді?
Əр жүрекке өлеңнен гүл өсірді.
Қоян жылғы қаңтардың аяғында
Амал нешік дəм-тұзы түгесілді.
Түгесілді дəм – тұзы Ұлы ақынның
Үңірейді-ау, орыны шын асылдың
Жыла,жыла жыр сүйер Алты Алашы
Бұл өлімге жыламай шыдасын кім?
Жыла шалғай Жымпиты, жыла, Алматым!
Жыла Алтай,Алатау мұнар басың
Талант еді ол өлеңде қайталанбас
Енді ондай жүз жылда туар ма ақын?
Адамға жоқ əрине жүру мəңгі
Бірақ мəңгі өлмейтін жырың қалды.
Бар болса егер ƏЛЕМДІК ПОЭЗИЯ
ҚАДЫР атты бір ЗАҢҒАР ШЫҢЫҢ
ҚАЛДЫ.