Керемет шақ
І
«Өзгереді, дүние өзгереді
Əуелден сол адамның көздегені
Кереметті ескертіп кереметтер
Керемет шақ ақыры кез келеді»...
Бұл бодандық амалсыз төзген елі
Ақынның да санасын езген еді.
Əйтсе де ол кеңестік державаның
Күйрейтінін сол кезде-ақ сезген еді
Аттамаған ешкімнің ала жібін
Дербестігін аңсады ол қазағының
Бас көтертпес кеңестік саясатта
Бірақ оның кім тыңдар назалы үнін?
«Өзгереді дүние өзгереді
Керемет шақ ақыры кез келеді»
– Бұдан өткен керемет бола ма? – деп,
Дүрсе қойды жарамсақ пенделері
Ел жайлы ойлар жүрегін мазалап шын
Күн кешпеді ол қамы үшін қара бастың.
Айтарын айтып қалып, жақпаса да
Өкінген жоқ, деген жоқ «жаза бастым»
Компартия тұрғанда əмір етіп,
Тірлігінің жүрсе де сəні кетіп
Майдандасты жырдағы жалғандықпен
Қара өлеңін қазақтың қару етіп!
Шабыт қысып, жүрді ақын тау тұлғалы
Найзағай боп жырлары жарқылдады.
Бəзбіреулер бас исе талантына
Бəзбіреулер соңынан қарқылдады.
Көрседағы тұрмыстан тарығуды
Көлгірсуді білген жоқ,жағынуды.
Жыр бəйгеге шықса да қанша тұлпар
Ол Дарабоз екенін бəрі білді!
Көбі бірақ үркектеп, əрі жүрді
Ел мұңы аздай ортаның сырт тебуі
Нартұлғаны ақыры алып ұрды.
ІІ
«...Жағдай міне,
Рақмет, құрдасым!
Жалғыз қалам,
Жалғыз дəптер-сырласым.»
М.Мақатаев
Аурухана.Сырқаттар дерті меңдеген
Асқынса кесел, қиын ғой қону ем деген
Палата іші.Жападанжалғызжатты ақын
Құйылып мидан көмейге келді шерлі өлең.
«Өмір дегенің бір күндік сəуле екен ғой
Жарық сəуледен басқаның бəрі бекер ғой...»
Күбірлеп əлсіз булығып қалды сол сəтте
Алқынтып демін оқыстан қысқанжөтел ғой.
Жасаған ем де,үздіксізішкен дəрі де
Болмады шипа ақынның ауыр халіне.
«Қажығанжүрек» жанталасады дəрменсіз
Бұлжарық күннен үмітін үзбей əлі де.
Тау өзеніндей күркіреуші еді тасынып
Шын ақынжатыр, Ұлы ақынжатыр аһ ұрып.
Шөгіп бір кеткен кешегі алып нартұлға
Маздаудай маздап, жанудайжанып, басылып.
Қасқая қарар Хантəңіріндей айбарлы
Дауыл боп оқыс, жаз болар демде
жайдарлы
Күншілдер менен міншілдер
құты қашатын
Жыр əлеміне салып бір кетсе майданды.
Мансап деп емес, тек ғұмыр кешкен өлең деп
Жарқылдап жүріп ойлап па еді өлем деп
Сағатын санап шарасыз жатыр əтсең-ай...
Құдірет бар ма алып қалатын оны емдеп?
Сағатын санап шарасыз жатыр əтсең-ай!..
Соғады жүрек,соғады жүрек əсте жай
Бөгемек болған кедергілерге тоқтамай
Жанартау болып лапылдапжүрген сəттер-ай!..
Іріген бауыр, «наз айтқан» анау қос өкпең
Қайратын жинап, тұрды ептеп ақын
төсектен
Соңғы күндері зауқы жоқ тіптен бəріне
Бəріне селсоқ.Қаламын ғана дос еткен.
Қуаты қайтқан сырқатқа мұң ғой əр адым
Терезе жаққа əзерлеп басты қадамын
Селсоқ күйінде əйнектен тысқа көз салды
Алатау жаққа ұза-а-ақ бір қадап жанарын
Қадалды жанар өмір мен өлім арбасқан
Далада көктем шабыттың отын маздатқан
Сұлулығымен, заңғарлығымен паң қарап,
Алатау жатты шыңдарын сең-сең
қар басқан
«Бекер ғой бəрі..» булығып тағы қалғаны
Асқынған сырқат алқымнан осы-ау,
алғаны
Жан азабынан қиналып біраз тұрды да
Көз алмай таудан ойларын қайта жалғады.
«О, дархан далам, өзіңдей мен де кең едім
Сағаттарым да санаулы қалды сеземін
Көктемде кеп ем өзіңе жарық дүние
Көктемде тағы келді ма кету кезегім...
Шарасыздықтан өртеніп тұр-ау,өзегім.
Сарқылып қуат, барады бойда əл құрып
Хош Жарық жалған, атпайды-ау,
енді таң күліп!
Хош Алатауым,
сенсің ғой соңғы мұңдасым
Мен кетем енді сен тұра бергін мəңгілік!
Тыңдашы тауым, биікке созған өресін
Тыңдашы мені шаншылған
көкке жебе-шың.
Тауларды мылқау,меңіреу деген бекер сөз
Алдиярым-ау-, көресің, бəрін сезесің.
Өзіңдей мен де тəкаппар едім, өр едім
Қарасаз деген киелі жердің төлі едім
Жатырмын міне ешкімге жоқ боп керегім
Сонда да бірақ кіналамаймын сені өлім!
Өзімнен көрем, өзімнен көрем себебін.
Өзімнен көрем, өзімнен көрем себебін
Таусылып дəмім, келіп тұр кетер кезегім!
Келешек ұрпақ іздесең ақын дерегін
Жеткізер бəрін, жеткізер бəрін өлеңім...
Ох,қандай қиын өмірден үзу үмітті
Тырп еткізбестен салғаны-ай, өлім
құрықты
Шынымен енді тоқтай ма қайран жүрегім,
Орталап қана қырықты?!
Ағып бір кеткен суындай тесік шелектің
Жылдарым зырлап, күндерім қалай тез өттің?
Құрығын салып жетіп тұр өлім қайтейін
Шарасыз пенде, тоқтатар дейсің тежеп кім?
Ох, қандай қиын шипа таппаған жаныңа
Дүние жалған аңыра енді, аңыра!
Жарық сəуледен басқаның бəрі бекер ғой
Бекер ғой бəрі...»
Булықты ақын тағы да.
Басталды тағы, басталды жанның азабы
Белгісіз тылсым тереңге тартып барады
Мөлт етті тамшы, нұр семе бастап жанары
Алатау жаққа соңғы рет қимай қарады
Далада көктем. Көк аспан қандай мөлдір ең
Қарайды шыңдар ақындай асқақ өр кілең.
«Жарық сəуледен басқаның бəрі бекер ғой
Бекер ғой бəрі...»
Үзіліп кетті соңғы дем!..
Тез сүйей берді жүгіре кірген дəрігер
Абыр да сабыр басталып кетті əбігер.
Əбігер бітті.Бəрі де бітті.Тау жаққа
Табыт көтерген баратты шұбап қалың ел...
Лапылдап жанған от бар ма бір күн
сөнбейтін?
Бұйрығыжетсе, қай пендең оған көнбейтін?
Шын ақын өтті.Ұлы ақын өтті өмірден
Мəңгілік тірі
Жырлары қалды
Өлмейтін!..
ІІІ
«Алла-ақиқат.
Аллаға сеніп өтем,
Адалдық пен ақиқат серігі екен.
Адаспаймын,Аллама сеніп өтем,
Арамдыққа баспаймын-жолы бөтен!»
М.Мақатаев
«Өзгереді дүние, өзгереді.
Керемет шақ ақыры кез келеді»...
Тəуелсіздік таңы атты,өзгерді өмір
Тура келіп ақынның меңзегені.
Қазағым-ай,арылмай жаудан далаң
Бастан небір өтіпті-ау, зар-зар заман
ТƏУЕЛСІЗДІК! Жеттің сен
Желтоқсанда
Сан ғасырлар бабалар армандаған
«Ақындар көп ішінен тынып өткен...»
Астарлы еді Мұқаңның жыры неткен!
Арыстарын Алаштың жалмаса да
Империя күйреді күні жеткен.
Коммунистік қоғамда біздер көрген
Атеистер сайрайтын діннен безген.
Жырлады ақын жүректе иманы бар
Бар жақсыны Алла деп діннен келген.
Салт жаңғырды бастаған ұмытыла
Керемет шақ! Мұсылман ұлысына
«Берікпін деп дініме»сол кезде айтқан
Ұлы ақынның тегін бе, жыры сірə.
Мешіттерге ағылды иманды жұрт
Мың-мың шүкір Алланың мұнысына!
Керемет шақ!Жетті елім бақытқа аман.
Бой көтерді Арқадан жақұт-қалам!
Жақұт-қалам Астанам ғашық саған
Шығыс та əмəн сүйсінсін- Батыс та əман
Мұқағали жырынан сусындаған
Мен де өзіңе жыр-шашу шашып қалам!
Керемет шақ! Халқым, ол ДЕРБЕСТІГІҢ.
Мақтанамыз қуаныш кернеп бүгін
Жиырма жыл Тəуелсіз Қазақстан
Елбасымыз таппайды ел деп тыным!
Көк Туымыз əр елдің аспанында
Желбірейді қазақты көр деп бүгін
Еркіндіктің арттырып салтанатын
Ұлы ақынның оқимыз өлмес жырын!..
Тілге жеңіл, жанына балдай жағып,
Бəрі тыңдар жырларын таңдай қағып.
Мұқағали өлмепті қараңдаршы,
Кетіпті əне, МƏҢГІЛІК
ТАУҒА АЙНАЛЫП!.