19.05.2022
142
«Мен қазақпын, ұлымын, Байтақ елмін!»
Айта бердің тайсалмай, айта бердің.
Іштен тынған жандарға рух беріп
Жыры болды бұл талай қайсар ердің.
Партияны жырлаған жаршы сынды
Деген жоқсың асығым алшы тұрды.
Сенің үнің кеңестік режимге
Жетпісінші жылдарда-ақ қарсы тұрды.
Терең жайған тамырын əрі дедің
«МЕН ҚАЗАҚПЫН!» мықтыны
таны дедің.
Осы сөзден жігері сілкініп бір
Қайталап айта берді қалың елің.